{metadescription}
Қазақстанның барлық аймақтарында карантин шаралары күшейтілді

Қазақстанның барлық аймақтарында карантин шаралары күшейтілді

ҚР мемлекеттік бас санитариялық дәрігері Айжан Есмағамбетованың қаулысына сәйкес, Қазақстанның барлық аймақтарында карантин шаралары күшейтілді.

Бас санитариялық дәрігердің қаулысына сәйкес облыстардың әкімдері: 

1) халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету ұйымдарының қызметкерлерін, медициналық көрсетілімдер бойынша шығатын және кіретін адамдарды, сондай-ақ карантин енгізілген кезеңде стационарларда және карантиндік және провизорлық стационарларда бақылауда болған адамдардың шығуын қоспағанда, облыс орталықтарының, қалалардың, аудандардың, ауылдық елді мекендердің аумағынан шығуға және оған кіруге тыйым салуды;

2) авариялық-құтқару, жедел медициналық жәрдем қызметтерінің  қолжетімділігін және үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуді ескере отырып, карантиндік аймаққа кіру/шығу пункттерін айқындауды;

3) қала бойынша және аудандар, ауылдық елді мекендер арасында орамдар мен секторларға бөле отырып, блок-бекеттерді орната отырып, карантиндік аймақта жүріп-тұруды шектеуді; 

4) Ішкі істер және Қорғаныс министрліктерінің қызметкерлерін тарта отырып, COVID-19-мен сырқаттанушылық тіркелген ауылдық елді мекендерді қоршауды; 

5) әуежайдың, теміржол вокзалының, автовокзалдар мен автостанциялардың қызметін тоқтата тұруды, қалааралық, ауданаралық автобус қатынастарына, сондай-ақ жеке тасымалдауға тыйым салуды;

6) екінші деңгейдегі банктер, «Қазпочта» АҚ бөлімшелерінің, айырбастау пункттерінің қызметін онлайн жұмыс режиміне және «клиенттерге дейін жеткізу» принципі бойынша көшіру арқылы тоқтата тұруды; 

7) меншік нысанына қарамастан мектепке дейінгі балалар мекемелерінің, қызмет көрсету саласы объектілерінің қызметін тоқтата тұруды;

8) жәрмеңкелердің, азық-түлік, азық-түлік емес тауарлар базарларының, автомобиль, киім-кешек, мал базарлары мен адамдар көп жиналатын басқа да объектілердің жұмысын тоқтата тұруды; 

9) қоғамдық көліктің жұмысын тоқтата тұруды;

10) ауылдық елді мекендер ішінде тұрғындардың жүріп-тұруына тыйым салуды енгізуді;

11) Ішкі істер, Қорғаныс министрліктерінің күштерін тарта отырып, карантиндік аумақты патрульдеуді; 

12) тыныс-тіршілікті қамтамасыз ететіндерді қоспағанда, барлық кәсіпорындардың/ұйымдардың қызметін тоқтата тұруды;

13) діни мақсаттағы объектілердің жұмысын тоқтата тұруды;

14) облыс орталықтарының, қалалардың, аудандардың, ауылдық елді мекендердің ішінде жеке көліктің қозғалысын шектеуді;

15) бір отбасы мүшелерін қоспағанда, көшелерде және өзге де қоғамдық орындарда үш адамнан артық топпен жиналуды шектеуді;

16) қажет болатын: 

- азық-түлікті, бірінші кезекте қажетті дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алу;

- жұмысқа шығу жағдайларын қоспағанда, тұрғындардың тұрғын үйден шығуын шектеуді; 

17) тұрғылықты жері бойынша отбасылық іс-шараларды өткізуге тыйым салуды; 

18) 65 жастан асқан адамдарға және он сегіз жасқа толмаған адамдарға тұрғын үйден алып жүретін адамсыз шығуына тыйым салуды; 

19) карантин режимін сақтамайтын адамдарды әкімшілік жауапкершілікке тартуды; 

20) карантин кезеңінде халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету объектілерінің тізбесі мен жұмыс режимін айқындауды; 

21) қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты облыс орталықтарының, қалалардың, аудандардың, ауылдық елді мекендердің аумағында жүріп-тұруға рұқсат етілген адамдардың тізбесін айқындауды; 

22) COVID-19-ды жоққа шығармайтын клиникалық белгілері бар пациенттердің шұғыл көрсетілімдері бойынша емдеуге жатқызуға арналған көп бейінді стационарларды айқындауды тапсырды.

Еске салайық, кеше денсаулық сақтау министрілігінің өкілдері еліміздегі коронавирус ахуалның шарықтау шегі басталды деп мәлімдеген болатын. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.