{metadescription}
Қарағандыда әскери ұшақ апатқа ұшырады

Қарағандыда әскери ұшақ апатқа ұшырады

Қарағанды облысында МиГ-31 әскери ұшағы апатқа ұшырады.

«2020 жылдың 16 сәуірі күні Қарағанда қаласының маңында әскери кезекшілікке дайындық бойынша жоспарлы ұшу кезінде ҚР Әскери әуе күштерінің МиГ-31 ұшағы апатқа ұшырады», - делінген хабарламада.

Қайғылы оқиға Қарағанды аэродромының оңтүстік бөлігінде болды. Ұшақ әуеге көтерілген соң, қозғалтқыштардың бірінен от шықты. Әскери ұшқыштар ұшақты тастап кету жөнінде бұйрық алған соң ұшақты далалы аймаққа бағыттап, жергілікті азаматтардың өміріне қауіп төніп тұрмағанына көздері жеткен соң, ұшақтан секіріп кеткен. Ұшқыштар дін аман.

ҚР Қорғаныс министрінің бұйрығымен әуе апатының себеп-салдарын анықтау бойынша арнайы комиссия құрылып, оқиға орнына Қазақстанның әскери әуе күштерінің іздеу-құтқару отряды жетті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде