Гомосексуал деген күдікпен танымал шоумен қамауға алынды
Ашғабадта наурыз айының соңында танымал шоумен, артист және жүргізуші гомосексуал деген күдікпен қамауға алынғаны белгілі болды.
10:04 18.04.2020
Бұл мәліметті turkmen.news басылымына бірнеше ақпарат көзі растаған. Ақпаратқа қарағанда, шоуменмен бірге ондаған адам ұсталған. Бірақ олардың көбі ақша беріп, бостандыққа шыққан. Қалған күдіктілерге қатысты тергеу жүріп жатыр, жақын күндері сот басталады деп айтылады. Олар "гомосексуал" күдігімен айыпталып, екі жылға дейін еркінен айырылуы мүмкін. Ұсталғандардың арасында түркімен шоу-бизнесінің және мода индустриясының бірнеше өкілі бар делінеді.
2019 жылы қазан айында Азаттықтың түркімен қызметіне сұқбат беріп, өзінің гей екенін ашық айтқан 24 жастағы дәрігер Касымберди Гараев із-түссіз жоғалып кеткен. Кейін 6 қарашада табылып, айтқандарын теріске шығарған. Бірақ қазір оның қайда екенін ешкім білмейді. Халықаралық құқық қорғау ұйымдары біржыныстылар жұбын қылмыс қатарына жатқызатын Түркіменстан билігін сынап келеді.
Дереккөз: centralasian.org
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!