{metadescription}
Еңбек министрі 42 500 теңгені кімдер қайтаратынын мәлімдеді

Еңбек министрі 42 500 теңгені кімдер қайтаратынын мәлімдеді

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов ведомствоға 42 500 теңгеге қатысты айтылған сынға жауап берді.

Ол өзінің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазба жариялады. Еңбек министрлігінің ешкімді жауапқа тартуға құзыреті жоқ екенін хабарлап, мемлекеттен кімге көмек алуға болатынын, кімге болмайтынын тағы бір рет түсіндірді.

"Біз бірінші күннен бастап төтенше жағдай енгізілуіне байланысты табысынан айырылғандарға берілетін әлеуметтік төлемді (42 500) жалақы төленбейтін демалысқа жіберілетін жалдамалы қызметкерлер алуға құқылы екенін айттық. Бұйрықта (ережеде) да бірінші күннен бастап солай жазылған, ол еш өзгерген жоқ. Өкінішке қарай, жұмысын жалғастырып, жалақы алып жатқан көптеген жалдамалы жұмысшы өтініш беріп, 42 500 теңгені алды. Сіздер бұл төлемді алуға құқылы емес едіңіздер", - деп жазды Біржан Нұрымбетов.

Ол мұқтаж азаматтар жәрдемақыны артық бюрократиялық кідіріссіз алуы үшін министрлік барлық қажетті шараны қабылдағанын атап өтті.

"Көптеген жұмысшының (жұмыс берушілері өтініш беруге асықпайтын) өтініші бойынша, біз қызметкерге өз компаниясының (ұйымының) БСН-ін көрсете отырып, өтініш беруіне мүмкіндік жасадық", - деп атап өтті еңбек министрлігінің басшысы.

Оның айтуынша, дәл осы жеңілдікті жәрдемақы алуға құқы жоқ азаматтар пайдаланып, құжат тапсырған. Ал шенеуніктер растайтын құжаттар сұралмайтындықтан оны тексере алмаған.

"Біз оны тексере алмадық. Себебі мынада: Ереженің алғашқы нұсқасында біз жұмыс берушіден жұмысшыларды айлығының сақталуынсыз демалысқа жіберетіні туралы бұйрықтың көшірмесін немесе ақшаның жоқтығынан жұмысшыларға айлық төлей алмайтынын дәлелдейтін басқа да бір құжатта жолдауды талап еттік. Екінші күні жұмыс берушілер, жұмысшылар, қоғам өкілдері, кәсіпкерлер палатасының өкілдері бұл амалдың тым бюрократиялық сипатқа ие екенін, жұмыс берушілер үшін egov арқылы сканерленген құжатты бекіту қиынға соғатынын жеткізді. Біз бұл ескертпені назарға алып, аталған талапты алып тастадық. Тек өтінім беруші ТЖ-ға байланысты кірісін жоғалтқанын және келтірілген мәліметтердің шынайылығы үшін жауапкершілік артатынын РАСТАЙТЫН ӨТІНІМДІ қалдырдық. Яғни ХАБАРЛАНДЫРУ қағидатын қолай көрдік", - дейді ол.

Осыған байланысты, 42 500 теңгені төлеген Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры заңсыз алынған төлемдердің қайтарылуын талап етуге құқылы. Нұрымбетовтың айтуынша, Еңбек министрлігінің  42 500 теңге жәрдемақы алған басқа азаматтарға шағымы жоқ. Сонымен қатар, министрлік төлем алған адамдарға қатысты қандай да бір тексеріске бастамашы болуға ниетті емес. Министр сөз соңында азаматтардың көпшілігі өтініштерін адал тапсырғанына және төлемді заңды түрде алғанына сенім білдірді.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде