Атырауда «КамАЗ» аударылып, 26 тонна мұнай төгілді
Атырау облысындағы «Теңіз» кен орнының территориясында «КамАЗ» көлігі аударылып, 26 тонна мұнай төгілді.
14:50 18.04.2020
Облыстық Экология департаментінің мәліметінше, қоршаған ортаға келген зиянның мөлшерін анықтау үшін тексеру басталды. «КамАЗ» көлігі «ЕМГ СтройСервис-Атырау» ЖШС-ға тиесілі. Алдын ала мәлімет бойынша, 42 жастағы жүргізуші рульге ие бола алмай қалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Жүргізуші зардап шеккен жоқ.
Біздің Telegram парақшамыздан соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліңіз.
Қазақстандағы коронавирус туралы барлық ақпаратты мына жерден оқи аласыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!