{metadescription}
Айзат Молдағасымова қызметінен кетті

Айзат Молдағасымова қызметінен кетті

Алматы қаласы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдағасымова қызметінен кетті, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері.

Айта кетсек, оның орнына бұл лауазымға Жандарбек Бекшин тағайындалды. Айзат Молдағасымова бұл қызметті 2017 жылғы тамыз айынан бері атқарған. 

Бұған дейін Айзат Молдағасымованың қызметіне байланысты бірқатар даулы жағдай болған еді. Алматы бас санитарлық дәрігері коронавирус жұқтырған жолаушымен бір рейсте келіп, 14 күн карантинге оқшауланған болатын.

Одан кейін қалалық Қоғамдық кеңес Айзат Молдағасымованың жиналыстарға қатысып, ашық жүргенін сынға алды. Кейін бас санитарлық дәрігер Орталық клиникалық қалалық аурухана дәрігерлерінің арасында жаппай коронавирус инфекциясы тіркелген кезде дәрігерлердің өзін санитарлық нормаларды сақтамады деп айыптаған болатын.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде