Шымкентте джип мінген ер адамның қылмысы видеоға түсіп қалды
Күдікті жеті жылдан он екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, сотқа дейінгі тергеу басталды.
13:45 19.04.2020
Шымкентте джип жүргізушісі полицейді қағып кетті. Ер адам ұсталды, сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиға 18 сәуірде болған. Джип мінген ер адам Бәйдібек би мен Төлеметов көшелерінің қиылысында полиция қызметкерін қағып кетті. Жол сақшысы орташа дәрежеде жарақат алды. Жүргізуші ұсталды.
Қылмыстық кодекстің 380-бабы 3-тармағы 9-тармақшасы бойынша (Төтенше жағдай жарияланған аймақта билік өкіліне қатысты күш қолдану) сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті жеті жылдан он екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Көлік айып тұрағына жөнелтілді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!