Алматыда тау бөктерінің бір бөлігі опырылып түсті
Алматының таулы ауданында көшкін болды.
21:37 19.04.2020
Медеу ауданындағы Керей-Жәнібек хандар көшесінің бойында, «Тау-күні» оқу-сауықтыру кешенінің аумағында топырақ көшкіні жүрді. 7200 текше метр толпырақ пен тау жынысы өзен арнасын бөгемей, Кіші Алматы каналына түсті. Оқыс оқиғадан ешкім зардап шекпеді.
«Көшкін 14-15 сәуірде жауаған жаңбырдың салдарынан болды. «Қазселқорғау» РМҚК мәліметінше, көшкін қаупі әлі де сақталады. Кешен аумағында орналасқан спорт зал, бассейн және ғимараттар қирауы мүмкін», - деп хабарлайды қалалық ТЖД.
Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері қайта көшкін болуы ықтимал учаскелерді анықтады. Сол аумақтың айналасы жолақ лентамен қоршалды. Сондай-ақ, мекеме иесіне қауіпті аймаққа адамдарды жібермеуге және ғимараттарға кіруге шектеу қою туралы хабарлама жіберілді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!