{metadescription}
Оқ басына тиген - Ақмола облысында сарбаздың денесі табылды

Оқ басына тиген - Ақмола облысында сарбаздың денесі табылды

Сарбаз түзету мекемесінде қарауыл болып тұрған жерінде басына оқ тиіп, қайтыс болды. Істі тергеу үшін өңірге арнайы топ жіберілді.

Ақмола облысы Степногорск қаласында колонияда күзетте тұрған  сарбаз қаза болды.

"Сағат 07:30 шамасында 3517 (Степногорск) әскери бөлімінің қатардағы жауынгері Б.А.Рашев қарауылда тұрып, қарудан өз-өзіне оқ атқан. Оқ басына тиіп, сарбаз қайтыс болды", - делінген Ұлттық ұлан баспасөз қызметінің ресми хабарламасында.

Әскери қызметкердің өлімі туралы Ақмола гарнизонындағы әскери прокуратураға хабарланды. Оқиғаның мән-жайы мен себебі Ұлттық ұланның бас қолбасшысы тағайындаған қызметтік тергеу барысында анықталатын болады. Ол үшін әскери бөлімге "Орталық" өңірлік қолбасшысының басшылығымен арнайы топ жіберілді. Қызметтік тергеудің қорытындысы қосымша хабарланады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде