{metadescription}
Маман коронавирусты анықтаудың тағы бір жолын айтты

Маман коронавирусты анықтаудың тағы бір жолын айтты

Егер ауа арқылы жұғатын аурулардың биомаркерлері бойынша COVID-19-дың белгісіз тасымалдаушыларын анықтай алатындығы дәлелденсе, иттер коронавирустық пандемиямен күресте көмек көрсете алады.

Лондон гигиена және тропикалық медицина мектебінің (London School of Hygiene and Tropical Medicine) мамандары иттер COVID-19-ды жұқтырған ауруды тыныс алу органдарының ерекше иісімен анықтай алады деп санайды. Мектеп ғалымдары алты апта ішінде иттерді COVID-19 тасымалдаушыларын тануға үйретуге болатындығын және олар сағатына 250 адамды тексеруге қабілетті екенін айтады.

"Әрбір аурудың өзіндік иісі болады, міне соны итке үйрету мүмкіндігі де бар. Көптеген жануарлар адамның дене температурасының біршама өзгергенін де сезе алады. Егер бұл дерек шындыққа айналса, иттер тіпті вирус белгілері жоқ адамдарды да тексере алады", – дейді мақалаға қатысты пікір білдірген Ресей кинологиялық федерациясының президенті Владимир Голубев.

Маман иттердің иіс сезу сезімталдығы таңқаларлықтай екенін еске салды. Олар жарылғыш құралдар мен есірткі түрлерін және басқа заттарды ғана емес, сонымен қатар әртүрлі аурулардың молекулалық маркерлерін де тануда өз тиімділігін дәлелдеген.

Сондай-ақ Голубевтің айтуынша, қазір арнайы үйретілген иттер безгек, қант диабеті, Паркинсон ауруы, тіпті онкологиялық ауруларды да иіс арқылы анықтай алады.

Дереккөз: Sputnik
 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде