Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, арты қарға ұласады
«Қазгидромет» РМК синоптиктері 2020 жылғы 23-25 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды.
16:15 22.04.2020
Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігіне Солтүстік циклонның жырасы әсер етіп, арты қарға ұласатын жаңбыр күтіледі, кей жерде қатты жаңбыр, еліміздің солтүстік бөлігінде күшті, екпінді жел тұрады. 23 сәуірде кей жерде найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін.
«Содан кейін циклонның артынан суық антициклон ығысады, ол жауын-шашынның тоқтауына және ауа температурасының төмендеуіне алып келеді», - делінген хабарламада.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!