Мамырдың соңына дейін елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 4 мыңға жетуі мүмкін
Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова Қазақстанда алдағы айда коронавирус жұқтырған адам саны қаншаға дейін жетуі мүмкін екенін мәлім етті.
19:19 22.04.2020
«Қазіргі таңда Қазақстан эпидемияның өршу кезеңінде тұр. Жұқтыру деңгейі 8 пайызды құрап отыр. Әйтсе де аурудың өршуін, шарықтау шегі мен төмендеуін наурыз, сәуір және мамыр айларында өткереміз. Болжам бойынша сәуір айының соңына дейін 2700 адамға дейін коронавирус жұқтыруы мүмкін. Мамыр айының соңына дейін 4 мыңға жуық адам індетке шалдығуы ықтимал», - деді Айжан Есмағамбетова ОКҚ-да онлайн режимде өткен баспасөз мәслихатында.
Бас санитардың сөзіне қарағанда, бүгінде денсаулық сақтау министрлігі күн сайынғы статистиканы 5 процентке дейін төмендетуді көздейді. Одан кейін ауруға шалдығу көрсеткішін 1 процентке түсіру керек. Ал жергілікті жерде науқастардың тіркелуі тоқтағанда жағдай тұрақталады.
Біздің Telegram парақшамыздан соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліңіз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!