43 жыл сәби сүйе алмаған әйел 68 жасында егіз баланы өмірге әкелді
Нигериялық ғашықтар 43 жылдық сәтсіз әрекеттерінен кейін, ақыры ата-ана атанды.
21:37 22.04.2020
68 жастағы әйел егіз баланы дүниеге әкелді. Маргарет пен Но Аденуга ұл мен қыздың ата-анасы атанды. Маргарет төрт рет қолдан ұрықтандыру қызметіне жүгінді. Соңғы әрекет сәтті болды. Әйел жүктіліктің 37-аптасында кесарь отасы арқылы нәрестелерді өмірге әкелді.
Лагос мемлекеттік университетінің ауруханасының меңгерушісі, профессор Васиу Адейемо, анасы мен жаңа туылған нәрестелердің денсаулығы жақсы екенін және өздерін жақсы сезініп жатқанын айтты.
Дереккөз: Stan.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары