Қазақстанда тағы 56 адамнан коронавирус табылды
Бүгін таңертең тағы елу алты адам тіркелді, елде қауіпті вирус жұқтырғандар саны 2191 адамға жетіп отыр.
10:04 23.04.2020
Республикада індетке шалдыққандар саны 56 адамға көбейді.
"23 сəуір сағат 09:50-дегі жағдай бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 56 адам тіркелді", - делінген хабарламада.
Соның ішінде Нұр-Сұлтан қаласында – 17, Алматы қаласында – 3, Батыс Қазақстан облысында – 10, Жамбыл облысында – 2, Шығыс Қазақстан облысында – 3, Түркістан облысында – 7, Маңғыстау облысында – 1, Қостанай облысында – 1, Ақтөбе облысында – 7, Павлодар облысында – 5 адам.
Осылайша, елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 2191 адамға жетті. 515 адам жазылып шықты, он тоғызы қайтыс болды.
Алматы – 735,
Нұр-Сұлтан – 421,
Қызылорда облысы – 157,
Шымкент – 131,
Қарағанды облысы – 102,
Батыс Қазақстан облысы – 86,
Ақмола облысы – 83,
Атырау облысы – 82,
Жамбыл облысы – 79,
Түркістан облысы – 76,
Алматы облысы – 62,
Павлодар облысы – 43,
Қостанай облысы – 36,
Ақтөбе облысы – 34,
Солтүстік Қазақстан облысы – 30,
Маңғыстау облысы – 19,
Шығыс Қазақстан облысы – 15.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары