Ақтөбеде коронавирус жұқтырған науқасқа ота жасалды
Ақтөбеде коронавирус жұқтырған 2 адамның жағдайы ауыр.
23:00 23.04.2020
Оның біреуіне ота жасалды.
«Індетке шалдыққан бір науқастың жүрек ырғағы күрт бұзылып, қосымша ем қабылдауға тура келді. Жүрегіне ота жасалып, жасанды ритм жүргізілді. Науқастың жағдайы тұрақты ауыр. Аритмолог, кардиореаниматологтар тағайындаған ем қосымша жүргізіліп жатыр. Тағы бір насқас бұрын қант диабеті, тыныс алу жетіспеушілігіне шалдыққан. Кешенді ем нәтижесінде екеуінің жағдайы тұрақтанды. Тағы екеуінің халі - орташа ауыр, өзгесінің денсаулығы бірқалыпты», - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев.
Айта кетейік, провизорлық, инфекциялық, карантиндік госпитальде 758 адам оқшауланып, ем алып жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!