1500 әскери міндетті жиынға шақырылады
2020 жылы әскери жиындарға 1500 әскери міндетті шақырылады.
11:40 24.04.2020
Бұл туралы қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтың бұйрығында жазылған.
"2020 жылы 1500 әскери міндетті әскери жиындарға шақырылсын", - деп жазылған құжатта.
Әскери жиындарды әскери басқару органдары, әскери дайындық жөніндегі өкілетті мемлекеттік органдар өткізеді.
"Мұндай жиындар елде жылына бірнеше рет ұйымдастырылады", - деді қорғаныс министрлігінде.
Бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді. 2 сәуір күні президент Қасым-Жомарт Тоқаев әскери міндеттілерге арнайы жиын жариялаған болатын. Әкімдер азаматтарды жиынға қорғаныс істері жөніндегі бөлімдер, әскери комиссариат арқылы шақырады. Олардың денсаулығы, отбасы жағдайы мен жасы сынды жайттар ескеріледі.
Дереккөз: Sputnik
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!