Коронавирус пандемиясы қашан аяқталуы мүмкін екені айтылды
Коронавирус пандемиясы ең алғаш ауру тіркелген күннен бастап санағанда алты-жеті айдан кейін аяқталуы мүмкін.
12:57 24.04.2020
Мұндай болжамды Ресейдің Гамалея атындағы эпидемиология және микробиология ұлттық зерттеу орталығының ғалымы, вирусолог Александр Бутенко ұсынды. Ғалым мысал ретінде 2003-2004 жылдар аралығында Қытайда болған SARS және 2012–2014 жылдары Сауд Арабиясында таралған MERS коронавирус инфекцияларын келтірді.
Сондай-ақ Бутенко SARS-CoV-2 вирусының жұғу сипаты басқаларынан қарағанда әлдеқайда күштірек екендігін ескеріп өтті.
Еске салайық, Қазақстанда коронавирус індетін жұқтырғандардың саны 2334 болып отыр.
Дереккөз: Stan.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!