Елордада коронавирустан тағы бір адам қайтыс болды
Елордада коронавирус инфекциясынан тағы бір адам қайтыс болды.
13:14 24.04.2020
Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен мәлім етті. 64 жастағы аталған кісі 15 сәуірде жедел жәрдем бригадасымен ауруханаға жеткізілген. Сол кезде науқастың жағдайы өте ауыр болған, осы орайда оны дереу өкпені жасанды желдету аппаратына қосу туралы шешім қабылданды. Тексеру кезінде аталған адамда коронавирус инфекциясы анықталған. Сонымен қатар, науқастың жағдайы қосымша асқынған аурулары салдарынан нашарлай түскені байқалды.
«Ем-дом шаралары клиникалық хаттамаға сәйкес жүргізілді. Сағат 10:40 кезінде науқастың жүреге тоқтады. Осы жағдайға байланысты туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз. Жақында түскен ақпаратқа сәйкес, аталған науқас Ресей азаматы болған», - деді Б. Мәкен.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!