Алматыда коронавирустан сегізінші адам көз жұмды
Алматыда коронавирустан 1945 жылы туған азамат қайтыс болды, қалада қаза болғандардың саны 8 адамға жетті.
14:29 24.04.2020
Алматы қаласында коронавирус індетінен тағы бір науқас көз жұмды. Мемлекеттік комиссияның жедел штабының мәліметінше, марқұм 1945 жылы туған. Осылайша Қазақстанда коронавирус індетінен барлығы 24 адам қайтыс болды:
Нұр-Сұлтан қаласы – 3,
Алматы қаласы – 8,
Шымкент қаласы – 4,
Ақмола облысы – 4,
Шығыс Қазақстан облысы – 1,
Қарағанды облысы – 1,
Қостанай облысы – 1,
Павлодар облысы – 1,
Түркістан облысы – 1.
Соңғы мәлімет бойынша вирусты 2334 адам жұқтырып, оның 568-і жазылып шықты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!