{metadescription}
Нұр-Сұлтанда карантин кезіндегі заң бұзушылықтар үшін 15 кәсіпорын жабылды

Нұр-Сұлтанда карантин кезіндегі заң бұзушылықтар үшін 15 кәсіпорын жабылды

Нұр-Сұлтан қаласында 15 кәсіпорын карантин кезеңіндегі заң бұзушылықтарға байланысты жұмыстарын тоқтатты.

Бұл туралы Нұр-Сұлтан әкімінің орынбасары Бақтияр Макен мәлімдеді. 20 сәуірден бастап елордада кейбір кәсіпорындардың қызметіне рұқсат етілді. 80 мыңнан астам тұрғын жұмысқа оралды.

"Біз кейбір кәсіпорындардағы заң бұзушылықтарды анықтап жатырмыз. Қазіргі уақытта полиция еріктілермен және әкімдік қызметкерлерімен бірлесіп, қызметтері рұқсат етілген нысандар арасында санитарлық талаптарды сақтау мақсатында рейдтер жүргізуде. Осы уақытта дезинфекцияның болмауына байланысты 15 нысанның іс-шаралары тоқтатылды", - деді Бақтияр Макен.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.