{metadescription}
Бүгін Назарбаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізеді

Бүгін Назарбаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізеді

Қазақстанның тұңғыш президенті - Елбасы 24 сәуір күні Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізетіні хабарланды.

Жұма күні Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтеді. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай хабарлады. Үкібай ақпаратты өзінің Twitter-дегі парақшасында жариялады.

2020 жылдың ақпан айында Назарбаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізіп, Жамбыл облысы Қордай ауданындағы тәртіпсіздіктерге қатысты ойын айтқан болатын. ​Қауіпсіздік кеңесі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың елдің ұлттық қауіпсіздігі мен халықаралық ұстанымдарын, мемлекеттің қорғаныс қабілетін үйлестіреді.

Сондай-ақ заң жобаларын талдайды және өз құзыреті шеңберінде нормативтік құжаттардың орындалуын бақылайды. Қауіпсіздік кеңесінің құрамын президент Қауіпсіздік кеңесінің төрағасымен келісе отырып қалыптастырады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде