Алматыда коронавирустан көз жұмған 75 жастағы зейнеткердің басқа да аурулары болған
Алматыда коронавирус инфекциясынан көз жұмған сегізінші адам туралы мәліметтер жарияланды.
16:53 24.04.2020
Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, мегополисте коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы бір пациент қайтыс болды. Ол - 1945 жылы туған ер адам.
«Науқас 12 сәуірде Covid-19 диагнозымен инфекциялық стационарға емдеуге жатқызылған болатын. ЖИА, артериялық гипертония, алдыңғы ми артериясының аневризмі, созылмалы пиелонефрит, екіжақты пневмония сияқты қосымша аурулары болған», - деп хабарлады басқармадан.
Қайтыс болған адам диагностикалау және емдеу хаттамасы бойынша коронавирус инфекциясынан ем алған. Стационарда өте ауыр жағдайда өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Бұл - Алматыдағы коронавирустан болған 8-ші өлім. Бұған дейін бүгін таңертең 1957 жылғы әйел көз жұмған еді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!