{metadescription}
Солтүстік Корея Ким Чен Ынның өліміне қатысты түсініктеме берді

Солтүстік Корея Ким Чен Ынның өліміне қатысты түсініктеме берді

КХДР басшысының шенеуніктері оның жағдайы туралы БАҚ беттеріндегі хабарларға ресми түрде әлі жауап берген жоқ.

Корей Халық Демократиялық Республикасының басшысы Ким Чен Ынның өлімі туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл туралы Кореяның достық қауымдастығының басшысы, дипломат Алехандро Као де Бенос мәлімдеді.

"Біздің көшбасшымыз Ким Чен Ынның денсаулығы туралы ақпарат жалған. Алаңдаушылық танытқандарыңыз үшін рахмет айта отырып, журналистерден сенсация қумай, ақпарат көздерін тексеріп алуды өтінемін", – деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында Солтүстік Корея басшысының операциядан кейін қайтыс болуы мүмкін деген ақпарат жарияланған болатын. Белсенді Као де Бенос өзін КХДР-дің сыртқы мәдени байланыстар жөніндегі арнайы өкілі деп атайды. Сонымен қатар, ол Солтүстік Кореяның саяси бағытын қолдайды және осы кезге дейін Корей достық қауымдастығының сайтын іске қосты. Оның КХДР-да жиі болатыны белгілі.

Ким Чен Ын белсенді қызмет атқаруда

Бүгін таңертең КХДР мемлекеттік радиосы "жолдас Ким Чен Ын Самчжиён қаласын құруға шын жүректен көмектескен жұмысшылар мен қызметкерлерге алғысын айтты" деп хабарлады. Ал қала құрылысы 2019 жылдың соңында аяқталған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде