{metadescription}
Түркістан облысында ер азамат дәрігердің жағасын алып, өлтіремін деп қорқытқан

Түркістан облысында ер азамат дәрігердің жағасын алып, өлтіремін деп қорқытқан

Түркістан облысында Мақтаарал ауданында медицина қызметкерін өлтерімін деп қорқытқан ер адам қамауға алынды.

Әлеуметтік желіде Мақтаарал ауданында белгісіз ер адам медицина қызметкерін қорқытып жатқан бейнежазба таралған болатын. Аталған жайт Мақтаарал АПБ-не “қорқыту” бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Оған қоса құқықбұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінде көзделген төтенше жағдай кезінде қасақана медицина қызметіне бағытталған “ұсақ бұзақылық” жасағаны үшін хаттама толтырылды. Аудандық соттың қаулысымен азамат бес тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде