{metadescription}
Бүгін Алматы облысында 6 айлық баладан коронавирус анықталды

Бүгін Алматы облысында 6 айлық баладан коронавирус анықталды

Бүгін Алматы облысында коронавируспен ауырудың тағы 11 жағдайы тіркелді.

Олардың 10-ы – Іле, 1-еуі – Еңбекшіқазақ ауданының тұрғыны. Белгілі болғандай, Іле ауданында ауырғандардың барлығы да бұған дейін сырқаттанғандармен тығыз қарым-қатынаста болған. Еңбекшіқазақ ауданы тұрғынының сырқаты учаскелік дәрігерді үйге шақырып, тексерілгеннен кейін анықталған. Ауырған - 6 айлық бала.

Сырқаттармен қарым-қатынаста болған барлығы 44 адам анықталды, олардың барлығы да оқшауландырылды, бірқатары үй карантиніне алынды, вирус шыққан үй ошақтары, науқастар тұратын подъездерге дезинфекция жүргізілді. Эпидемиологиялық зерттеулер жүргізілуде. Жалпы Алматы облысында коронавирусты 97 адам жұқтырғанды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.