АҚШ-та коронавирус жұқтырғандар саны 1 миллионнан асты
Америка Құрама Штаттарында коронавирус жұқтырғандар саны 1 миллионнан асты. Джон Хопкинс университетінің мәліметінше, АҚШ-та Covid-19 жұқтырғандар саны 1 миллионнан асып кетті. Америка - вирус жұқтырғандар саны бойынша әлемде бірінші орында тұр. Бұл ел наурыз айында науқастар саны жағынан Қытайдан озып кеткен болатын. АҚШ-та коронавирустан қайтыс болғандар саны - 56 749. Бұл да - дүние жүзіндегі ең жоғары көрсеткіш. Соған қарамастан Нью-Йорк мэрі Эндрю Куомо 15 мамырдан бастап штаттың бірқатар аудандарында локдаун режимі жеңілдейтінін мәлімдеді.
08:36 29.04.2020
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!