Коронавирустың асқынған түрінің негізгі белгісі айтылды
Ресейдің бас пульмонолог дәрігері Сергей Авдеев коронавирустың асқынған түрінің ең ауыр белгісін атады.
09:06 29.04.2020
Бұл туралы "Россия 1" арнасында айтылыпты. Дәрігердің сөзінше, COVID-19 инфекциясының асқынған түріне шалдыққан адамдарда ең алғаш жөтел мен дене қызуы емес, демікпе пайда болады екен.
"Тыныс алудың қиындауы науқастың індеттің ауыр түріне шалдыққанын белгісі", - дейді ол.
Авдеев мұндай жағдайда бірден жедел жәрдем шақырту керектігін айтады. Сырқатты асқындырып алмау үшін маман науқастарға аурудың белгілеріне аса мән берген жөн деп кеңес айтады. Сондай-ақ ол коронавирус жұқтырғандардың көбі ауруды жеңіл түрде өткеретінін жеткізді. Соңғы мәліметтерге сүйенсек, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 3027 болды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!