Мамырдан бастап Алматы мен Нұр-Сұлтаннан ШҚО-ға әуе рейстері ашылады
Мамыр айының басынан бастап Шығыс Қазақстандағы қалалар мен Нұр-Сұлтан, Алматы арасындағы ішкі әуе рейстерін ашуға рұқсат берілді, деп хабарлайды облыс әкімі Даниал Ахметов.
15:09 29.04.2020
Бұл туралы ШҚО әкімі Instagram желісіндегі парақшасында мәлімдеді.
"Құрметті достар, бүгін мемлекеттік комиссияның төрағасы, еліміздің Премьер-Министрі Асқар Ұзақбайұлы Маминнен Шығыс Қазақстан қалалары мен Нұр-Сұлтан, Алматы арасындағы ішкі авиарейстерді ашуға рұқсат беруін сұрадым. Осылайша, біз мамыр айының басынан облыстар арасында елімізде алғашқылардың бірі болып әуе қатынасын қайта ашамыз. Күн сайын Нұр-Сұлтан мен Алматыдан Өскеменге дейін және кері қарай екі рейстен қатынайтын болады.
Сондай-ақ, "Нұр-Сұлтан - Семей", "Алматы - Семей" бағыттарын бойынша бір рейстен ұшады. Облыс көлемінде енгізілген шектеу режимінен шығу жоспарының бірінші қадамы бізге экономикалық жағдайды тұрақтандыру бағытын нақты бағдарлауға мүмкіндік беретініне сенімдімін", - дейді Даниал Ахметов.
Бұған дейін карантин режимінің ұзарғанына қарамастан Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары арасында әуе қатынасы ашылатыны белгілі болды. Рейстер күніне 4 рет ұшатын болады. Алайда жолаушыларға ұшаққа отырар алдында коронавирусқа тест тапсырып, медициналық маска сатып алуына тура келеді. Жолаушылар карантинге жатқызылмайды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!