{metadescription}
Елорда тұрғыны қызғаныштан әйелін пышақтап тастады

Елорда тұрғыны қызғаныштан әйелін пышақтап тастады

Нұр-Сұлтан тұрғыны қызғаныштан әйелін пышақтап тастады.

28 сәуір сағат 14.31-де "102" нөміріне қоңырау шалынып, Тәуелсіздік көшесіндегі тұрғын үйлердің сатысында пышақталған әйелдің денесі жатқаны туралы хабарланды. 1982 жылғы Белоус Надежда қалалық ауруханаға жеткізіліп, сағат 16:10-да алған жарақатынан қайтыс болды.

Полиция қызметкерлері әйелдің күйеуі - 1992 жылы дүниеге келген Белоус Ростиславты ізін суытпай ұстады. Аталған фактімен ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті азамат уақытша қамалды.

"Қылмыстың себебі ерлі-зайыптылар арасында қызғаныш болды. Некеде олар 2017 жылдан бастап тұрған, бірақ 2020 жылдан бірге тұрмаған. Екеуі әйелдің бірінші некесінен туған 2011 жылғы бала мен 2018 жылы дүниеге келген ортақ баланы тәрбиелеген. Қазіргі кезде кәмелет жасына толмаған балалар өлген әйелдің әпкесінің қолында. Кісі өлтіру үй кіреберісінде, куәларсыз жасалған", - деп хабарлады полицияда.

Нұр-Сұлтанның полиция департаментінде карантин кезінде аталған факті отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында ерекше ауыр қылмыс болып табылатынын атап өтті. Сондай-ақ, түскен өтініштер бойынша барлық  қажетті шаралар қабылданатыны хабарланды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.