Қазақстанда коронавирус жұқтыру жағдайлары төмендеп келеді
Бұл туралы Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова мәлім етті.
16:43 29.04.2020
«Соңғы аптада бүкіл елде ауру деңгейі 8 пайыздан 5,5 пайызға дейін төмендеді. Өткен аптада елімізде ауру деңгейі 2,5 пайызға төмендеді. Алайда, кейбір аймақтарда жұқтырғандар саны артуда, яғни олардың ауру деңгейінің өсуі 0-ден 40 пайызға дейін өзгерді, бұл аурудың толқын тәрізді екенін білдіреді», - деді Айжан Есмағамбетова онлайн режимде өткен баспасөз мәслихатында.
Осы орайда ол карантин талаптарын ұстану керектігін атап өтті.
Біздің Telegram парақшамыздан соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліңіз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!