{metadescription}
Алматыда  ең көп сұранысқа ие мамандықтар аталды

Алматыда ең көп сұранысқа ие мамандықтар аталды

Алматыдағы халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Диляра Иманқұлова мегополисте ең көп сұранысқа ие мамандықтар туралы айтты.

«Жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың қолданыстағы «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы халықтың барлық санаттарын жұмысқа орналастыруды арттыру шараларын қамтиды. Ең алдымен, бұл тұрақты жұмыс орындарына, уақытша жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру, бизнес идеяларды қолдау үшін мемлекеттік гранттар бөлу, микрокредиттер, кәсіптік оқыту курстарында оқыту. Тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналасуға қатысты. Нұр-Сұлтан сияқты Алматы да бос орындар саны бойынша көш бастап тұр. Келіп түскен бос жұмыс орындарын талдау бүгінгі күні жұмысшы персонал сұранысқа ие екендігін көрсетті. Олар: темір-бетон құрылымдарын құрастырушы, дәнекерлеуші, электриктер, жүргізушілер, жүк тиеушілер, аула тазалаушылар, газбен дәнекерлеуші, қызмет көрсету саласының мамандары, медицина қызметкерлері», – деді Диляра Иманқұлова.

Оның айтуынша, әсіресе әлеуметтік жұмысқа сұраныс жоғары.

«Жыл басынан бері 695 адам әлеуметтік жұмыс орындарына орналасты. Бұл ретте мемлекет ең төменгі жалақыны (42 500 тг) субсидиялайды. Ал жұмыс беруші өз тарапынан қосымша ақы белгілейді. Кейде оның мөлшері 70-90 мың теңгені құрайды. Мемлекет үкіметтік емес ұйымдарда жұмыс істейтін мүгедектерге ерекше қамқорлық көрсетеді. Олар үшін әкімдік шешімімен 63 750 теңге жалақы белгіленген. Қазіргі уақытта әлеуметтік жұмыс орындарында 695 адам еңбек етіп жүр, оның 456-сы мүгедек»,– деді спикер.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде