Қазақстанда коронавирустан қайтыс болғандардың саны 30-ға жетті
Қазақстанда коронавирустан тағы бір науқас қайтыс болды.
16:03 06.05.2020
Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі өткізген онлайн брифингте айтылды.
Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиевтің айтуынша, бүгін қайтыс болғандардың қатарына тағы бір адам қосылған. Марқұм 1952 жылы дүниеге келген.
"Иә, Қазақстанда коронавирустан 30 адам қайтыс болды. Бүгін статистикаға тағы бір адам қосылды. Ол жайында тағы қосымша хабарланады", - деді Сұлтанғазиев бүгінгі онлайн брифингте.
Айта кетейік, соңғы мәлімет бойынша Қазақстанда індетті жұқтырғандардың саны 4 298 адамға жетті. 1 299 науқас жазылып шықты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!