{metadescription}
Еліміздің өңірлерінде жолдар қашан ашылады

Еліміздің өңірлерінде жолдар қашан ашылады

1 мамырдан бері қала аралығында ұшқан ұшақтардан вирус жұқтырған факті тіркелген жоқ.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде елдегі коронавирустық инфекция бойынша ағымдағы жағдай, сонымен қатар Қазақстандағы вакциналардың сапасы мен сатып алулары туралы өткен брифингте айтылды.

«Өздеріңіз білетіндей, 1 мамырдан бері еліміз ішіндегі Нұр-Сұлтан, Алматы, Петропавл, Семей, Өскемен, Қызылорда қалаларына ұшақтың ұшуына рұқсат етілген. 1 мамырдан бері қала аралығында ұшқан ұшақтардан вирус жұқтырған факті тіркелген жоқ», - дейді ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев.

Оның айтуынша, ел ішіндегі қосымша бағыттардағы қозғалыс бойынша шешім өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты болады.

«Бәрі карантин талабы қалай сақталғанына және соның нәтижесіне байланысты. Ал шекара қашан ашылатынын Үкімет шешетін болады. Ол да эпидемиологиялық жағдайға байланысты», - деп атап өтті Тимур Сұлтанғазиев.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.