{metadescription}
Мейрамхана мен дәмханалардың қашан ашылатыны айтылды

Мейрамхана мен дәмханалардың қашан ашылатыны айтылды

Денсаулық сақтау министрлігі мейрамханалар мен дәмханаларды жақын арада ашуды жоспарлап отырған жоқ.  

Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиевтің айтуынша, әзірге оған қатты сұраныс болмайды.  

«Әзірге жазда мейрамханалардың ашылу-ашылмау мәселесі өте өзекті емес. Қазіргі уақытта эпидемиологиялық жағдайға қарау керек. Жақын арада мейрамхана мен дәмханаларды ашу ұсынылмайды», - дейді ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев.

Оның айтуынша, инфекцияның таралуы біршама тежелген. Сәуір айында науқастардың күнделікті өсімі 15-16 процент болса, соңғы екі аптада 7 проценттен аспапты. 

«Ал соңғы үш күннің ішінде ол көрсеткіш 4 проценттен асқан жоқ. Негізі карантин шараларын жеңілдету мәселесін үкімет пен бас санитар дәрігер қадағалайды. Карантинді жеңілдетуге алғышарттар бар. Дегенмен оны толығымен алып тастау үшін нақты талаптар орындалуы қажеттігін ұмытпау керек. Соның бәрін қатаң сақтасақ, карантиннен тез шығамыз», - деп түйіндеді Сұлтанғазиев.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.