Мүгедек балалардың ата-аналарына жалақы төлеу ұсынылды
Мәжілісте "Халық коммунистері" фракциясының депутаттары мүгедектігі бар отбасы мүшесін бағып отырған ата-анаға немесе қамқоршыға әлеуметтік қызметкер мәртебесін беріп, жалақы төлеуді ұсынды.
17:55 13.05.2020
Үкімет басшысына жолданған депутаттық сауалда мәжілісмен Магеррам Магеррамов мүгедек жандары бар отбасы мәселесін қозғады.
"Негізінен, олар әйелдер. Арасында мүмкіндігі шектеулі жақындарына қарап отырған жалғызбасты аналар аз емес. Көп жағдайда олар осы себептен де тұрақты жұмысқа орналаса алмайды", - деді Магеррамов.
Оның сөзінше, осындай жағдайдағы адамдар зейнет жасына жеткенде оларға ең төменгі мемлекеттік базалық зейнетақы беріледі, 2020 жылы оның мөлшері 17641 теңгені құрайды.
"Біз осы мәселені шешуді ұсынамыз, ол ата-анасына немесе қамқоршысына мүгедектігі бар отбасының кәмелетке толған немесе ересек мүшесіне қамқорлық көрсететін әлеуметтік қызметкер мәртебесін беруді ұсынамыз. Әлеуметтік қызметкерлерден айырмашылығы, олар тек ата-анасына немесе қамқоршыларына қамқорлық жасап, әлеуметтік қызметкер ретінде жалақы алады және міндетті зейнетақы жарналарын төлеп тұрады", - деді депутат.
Депутаттардың пікірінше, бұл мұндай азаматтарға жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысып, қартайғанда жоғары зейнетақы алуға мүмкіндік береді. Депутаттың ұсынысын "Халық коммунистері" фракциясының алты мүшесі қолдады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!