Коронавирустан терісі қарайып кеткен дәрігер ағара бастады
Коронавирус жұқтырып, денесі қарайып кеткен қытайлық дәрігер Ю Фанның денесі қалыпты түске келе бастады.
18:19 13.05.2020
Дәрігердің ауруханадан өткен аптада шығарылғаны белгілі болды. 9 мамырда түсірілген фотосуреттен оның терісі әлдеқайда ағарғанын байқауға болады. Осылайша, дәрігер коронавирустан толықтай айықты. Алайда жүргенде қозғалғанда кішкене қиналады екен. Сонымен қатар, Ю Фан түнде қорқынышты түстер көретінін айтқан.
Терісі қарайып кеткен тағы бір дәрігер Ху Вейфенг әлі күнге дейін ауруханада емделіп жатыр. Дәрігер коронавируспен 100 күннен астам уақыттан бері күресіп келеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!