Ақмола облысында 18 жастағы бозбала суға батып кетті
Ақмола облысының 18 жастағы тұрғыны Нұра өзеніне шомыламын деп суға батып кетті.
13:42 14.05.2020
Бұл туралы Ақмола облысының төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті. Оқиға 13 мамыр күні сағат 17:00-ге таман орын алған. 18 жастағы жігіт Сабынды ауылының маңындағы Нұра өзеніне шомылмақшы болған. Өкінішке орай, бозбала суға батып кетіпті.
«Судан іздестіру жұмыстарына төтенше жағдайлар департаментінің жедел құтқару отрядының 5 қызметкері мен 1 техникасы және 1 жүзу құралы тартылды. Бүгін мамырдың 14-де таңғы сағат 07:44 шамасында оның денесі табылып, жағаға шығарылды. Анықталғандай, оның үстінде жеке құтқару құралы болған жоқ. Сот-медициналық сараптама тағайындалды», - делінген ресми хабарламада.
Бұған дейін Алматы облысында 19 жастағы жігіт суға батып бара жатқан қызды құтқарғаны айтылған болатын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!