Вагондарда жолаушыларды отырғызу тәртібі өзгере ме
Көліктегі мемлекеттік бас санитарлық дәрігер Сәдуақас Байғабылов пойыздарда жолаушыларды орналастыру тәртібі туралы айтып берді.
18:17 14.05.2020
«Вагондарда жолаушыларды отырғызу билет пен орналастыру орындарының болуына қарай іске асырылады. Адамдарды орындарына отырғызу бойынша қосымша талаптар ескерілмеген. Купе және плацкарт вагондарында тек билеттер бойынша отырғызылады», - деді С. Байғабылов Орталық коммуникациялар қызметінде.
Оның сөзіне қарағанда, жолаушыларды орналастыру стандартты тәртіпте іске асырылады.
«Маска тағу режимін, адамдардың қозғалысын, пойыздарда адамдардың тығыз топтаспауына жол бермеуді қадағалау мәселелелерін жолсеріктер реттейді», - деді ол.
Сонымен қатар жолаушылар өздерімен бірге қажетті тамағын алып жүре алатынын жеткізді. Бұдан бұрын хабарланғандай, 2020 жылғы 1 маусымнан бастап Мемлекеттік бас санитар дәрігердің талаптарын сақтауды ескере отырып, кезең-кезеңмен ішкі теміржол қатынасын жандандыру жоспарланып отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!