{metadescription}
Алматыда түнімен жауған жауыннан аулаларды су басып, ағаштар құлаған

Алматыда түнімен жауған жауыннан аулаларды су басып, ағаштар құлаған

Алматыда түнімен нөсер жауын жауып, қатты жел соқты.

Мамандардың айтуынша, бір түнде айлық жауын шашын нормасының төрттен бірі түскен.

«21 ауланы су басып, 19 ағаш құлаған. Төтенше жағдайдан ешкім жапа шеккен жоқ. 14 мамырдағы дауыл болатыны жайлы ескертуден кейін қаладағы барлық құтқару қызметтері дайын тұрған. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 15 жекеменшік үйдің ауласына кірген су тоқтатылды. 4 жолды су шайған. 2 көпқабатты үйдің жертөлесіне су кірген», - деді қалалық ТЖД баспасөз қызметінен.

Сонымен қатар, қатты желден 8 ағаш көліктердің үстіне, 11 ағаш жолға құлаған. ТЖД қызметкерлері барлығы 840 текше метр суды сорғышпен сорып шығарды.

Дереккөз: ҚазАқпарат
 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде