{metadescription}
«Болашақ» стипендиясына үміткер іріктеу ережесіне қандай өзгерістер енгізілді
«Болашақ» стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеудің жаңа қағидалары қабылданды.
16:08 22.05.2020
- 1. Басым мамандықтар тізбесі еңбек нарығындағы қажеттіліктер болжамын ескере отырып қалыптастырылады
- 2.Үміткер алдымен шетелдік жоғары оқу орнына түсуге және одан шақыру алуға тиіс
- 3.Болашақтықтар халықаралық рейтингтер үздігіндегі шетелдік ЖОО-ға ғана жіберіледі
- 4.Тағылымдамадан өту үшін ғылыми орталықтар мен зертханаларға баруға болады, ғалымдар үшін стипендиялардың жекелеген саны қарастырылған
- 5.GPA талабы тоқтатылады
- 6.Үміткер 6 турдың орнына 3 турдан (кешенді тестілеу, ТСК және Республикалық комиссия) өтеді
- 7. Шет тілі білімінен тест тапсырудың қажеті жоқ. Мемлекеттік тілді меңгергендігін Қазтест сертификаты растайды
- 8.Тәуелсіз сараптамалық комиссия мүшелерінің саны 3-тен 5-ке дейін артады, үміткерлермен әңгімелесу автоматтандырылған жүйе арқылы жүргізіледі
- 9. Ауылдық елді мекеннен шыққан үміткерлер үшін Қазақстанда алдын ала тілдік дайындық өткізіледі
- 10. Барлық квоталық санаттар жойылды.
ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 6 мамырдағы №271 қаулысымен «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу және «Болашақ» халықаралық стипендиясын жұмсау бағыттарын анықтау ережесіне өзгерістер енгізілді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!