Оқушы бітіру кешін тойлағаны үшін ата-ана жауапқа тартылады
Бұл туралы Маңғыстау облысы білім басқармасының басшысы Асқар Сейдалиев мәлімдеді.
10:18 23.05.2020
Оның айтуына қарағанда, бітіру кештеріне аниматорларды, мерекелік агенттіктерді, жеке студияларды тартуға; Көл-көсір мектеп бітіру шарасын өткізуге; Мерекелік үстелдерді ұйымдастыруға тыйым салынады.
«Көлік жалдау арқылы қала ішінде экскурсия өткізуге, мейрамханаларда, кафелерде және басқа да ойын-сауық мекемелерінде, теңіз жағасындағы демалыс орындарында бітіру шараларын ұйымдастыруға және мерекелік шаралар өткізуге ата-аналар мен заңды өкілдерінен қаржы жинауға, мұғалімдер мен мектептерге сыйлықтар жасауға тыйым салынады», – дейді ол.
Бұл бойынша аудандық қалалық білім бөлімдеріне басқарма тарапынан нақты тапсырмалар берілді. Тәртіпті сақтамаған жағдайда мектеп басшысы мен ата-аналардың жауапкершілігі мәселесі жөнінде қаперге берілді.
Дереккөз: Baq.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!