Ер адам банкте адамдарды тұтқынға алып, ғимаратты жарып жібермек болды
Мәскеуде ер адам «Альфа-банк» ғимаратындағы адамдарды тұтқынға алып, ғимаратты жарып жіберетінін айтып қорқытқан.
20:00 23.05.2020
Алдын ала мәліметтер бойынша, басқыншы - рюкзагы бар адам. Куәгерлердің айтуынша, рюкзактан сымдар көрініп тұр. Қылмыскер төрт банктің қызметкерін және бір келушіні кепілге алды. Ол үстіне қара күрте мен спорт шалбарын киген, бетінде қара маскасы бар. Құқық қорғау органдары онымен келіссөз жүргізген. Оқиға орнында барлық шұғыл қызметтердің өкілдері бар.
«Арнайы мақсаттағы қызметкерлер Альфа банк ғимаратына басып кіріп, ер адамды ұстады. Оның қолындағы жарылғыш зат емес, соның муляжы болып шықты», - деп хабарлады ақпарат көзі.
Ұсталған адамның ақыл-есінің дұрыстығына күмән бар, сондықтан ол сараптамаға жіберіледі. Оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!