Ғалымдар әлемдегі пандемияның аяқталу мерзімін атады
Коронавирус пандемиясы бүкіл әлемде осы жылдың желтоқсанына дейін аяқталады, бірақ кейбір елдерде сәл ертерек бітуі мүмкін.
12:29 24.05.2020
Сингапурдағы технология және дизайн университетінің зерттеушілері инфекцияның таралуының математикалық моделін талдай отырып, осындай қорытындыға келді. Олардың мәліметтеріне сәйкес, АҚШ-та COVID-19 коронавирусы қыркүйектің екінші онкүндігінде жоқ болады, ал Ұлыбританияда бұл сәт ертерек - тамыз айының соңында болуы мүмкін.
Ғалымдар жағдай үнемі өзгеріп отыратындықтан, мәліметтер өте дәл болмауы мүмкін екенін атап өтті.
"Оқырмандар кез-келген болжамды сақтықпен қабылдауы керек. Кейбір болжамдарға негізделген шамадан тыс оптимизм қауіпті, себебі бұл алдын алу шаралары мен өзін-өзі оқшаулауды әлсіретеді, ал ол аурудың өсуіне әкеледі", - делінген хабарламада.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!