{metadescription}
1 маусымнан бастап киім-кешек базарлары ашыла бастайды

1 маусымнан бастап киім-кешек базарлары ашыла бастайды

Ашылуға дайындық деңгейін міндетті түрде бағалаудан кейін ғана нысандардың ашылатыны-ашылмайтыны нақты белгілі болады.

Алматыда жабылған базарларды ашу кезең-кезеңмен жүзеге асырылады: қаладағы эпидемиологиялық жағдайға және нысандардың карантиндік шараларға дайындық деңгейіне байланысты. Алматы кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин арнайы брифингте 25 мамырдан бастап карантин жарияланған кезден бастап жабық тұрған азық-түлік пен әмбебап базарларға қатысты шектеулерді алынуы жоспарланып отырғанын айтты. Бірақ, әзірге олардың тек азық-түлік бөлігіне ғана жұмыс істеуге рұқсат етілген.

Азық-түлікке жатпайтын базарлардың жұмысы 1 маусымнан бастап қайта жанданады деп жоспарлануда. Ашылуға дайындық деңгейін міндетті түрде бағалаудан кейін ғана нысандардың ашылатыны-ашылмайтыны нақты белгілі болады.

Бағалау жасау үшін өтініштер күн сайын мына байланыс желісі арқылы қабылданады (+7 775 882 55 39, +7 775 882 57 08, +7 775 882 55 46, +7 775 882 54 16, +7 775 882 56 02, +7 775 882 53 12, +7 775 882 56 49, +7 775 882 52 00, +7 775 882 56 72, +7 775 882 53 92), сондай-ақ электронды пошта арқылы (объектілер орналасқан жерде) Infoalmaly@mail.kz - Алмалы ауданы , Infoauezov@mail.kz - Әуезов ауданы, Infobostandyk@mail.kz - Бостандық ауданы, Infozhetysu@mail.kz - Жетісу ауданы, Infonauryzbay@mail.kz - Наурызбай ауданы, Infoturksib@mail.kz - Түрксіб ауданы.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде