Балабақшалардың жұмысы қайта тоқтатылды
Орал қаласында балабақшалардың қызметі қайта тоқтатылды.
21:11 24.05.2020
Бұған дейін хабарлағанымыздай, БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті өңірде коронавирусқа шалдығу деңгейінің төмендемеуіне байланысты карантин мерзімін 15 маусымға дейін ұзартқан болатын. Қалалық білім беру бөлімінен түскен мәліметке қарағанда, жағдайдың күрделілігін ескере отырып, балалардың қауіпсіздігі үшін қала әкімдігі жанындағы жедел штабтың 24 мамырдағы отырысы негізінде карантин режимі аяқталғанша барлық меншік түріндегі балабақшалардың қызметін тоқтату туралы шешім қабылданды.
Бөлім басшысы Ақжарқын Темірханованың айтуынша, облыс орталығында 50 балабақша бар. Балабақшалар бұған дейін 20 мамырда қызметін бастап, үш күн бойы бүлдіршіндерді қабылдаған еді. Еске сала кетейік, бүгін таңдағы мәлімет бойынша Батыс Қазақстан облысында тағы 16 адам коронавирус жұқтырып, өсім деңгейі 4,3 пайызды құрады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!