Дәрігерлер блокпоста зардап шеккен үшінші полицейдің жағдайын айтты
Алматыда блокпостта болған жол апатында зардап шеккен полиция қызметкерінің жағдайы белгілі болды.
13:26 26.05.2020
Қалалық қоғамдық денсаулық басқармасының хабарлауынша, пациент №7 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілген.
«Тексеру барысында компьютерлік томография нәтижесінде қосарласқан жарақат, басының шүйде бөлігінің жарақаты, ми соққы алғаны анықталды. Бас сүйегінің артқы бөлігіне қан кеткен. Бет сүйегінің сол жағы сынған. Басының, бетінің, белінің жұмсақ тіндері соғылған. Нейрохирургтардың консилиумы өткізілді. Нәтижесінде бас сүйегі ашылып, ұйыған қан алынды. Қазір жағдайы ауыр. Жансақтау бөлімінде жатыр», - деді №7 аурухана бас дәрігерінің хирургия бойынша орынбасарының міндетін атқарушы Ильдар Құрмаев.
Оның айтуынша, полицейге екі рет ота жасалған. Еске салайық, 25 мамыр күні таңға жуық BMW жүргізушісі мас күйінде бетон қоршауға соғылып барып, инерциямен патрульдік полиция көлігін соққан. Соның кесірінен екі полиция қызметкері көз жұмды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!