{metadescription}
Елімізде карантин салдарынан қанша адам жұмыссыз қалды?

Елімізде карантин салдарынан қанша адам жұмыссыз қалды?

ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары Ақмәди Сарбасов елімізде карантин мен төтенше жағдайдың салдарынан қанша адам жұмыссыз қалғанын мәлім етті.

"Шектеу шаралары қолданыста болған кезең ішінде тіркелген жұмысссыздар саны 120 мыңнан 170 мыңға дейін жетті", - деді вице-министр.

Бұған қоса ол осы жағдайға байланысты мемлекет тарапынан жұмыссыздарға төленетін төлем де артқанын алға тартты. 

"Яғни, егер азамат жұмыссыз қалса, онда ол 6 ай бойы кірісінің 40 пайызын алып отыруға құқылы. Бүгінгі күні мұндай адамдардың саны 34 мыңнан асып жығылды. Бұл Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры филиалдарына осы уақытқа дейін жүгініп үлгергендер", - деп қосты Сарбасов. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде