{metadescription}
Бас санитар дәрігер вирус жұқтырғандар саны неге артып жатқанын түсіндірді

Бас санитар дәрігер вирус жұқтырғандар саны неге артып жатқанын түсіндірді

26 мамырда инфекция табылған науқастардың 24%-і ауруханаға өзі жүгінген.

Науқастардың 70%-і – профилактикалық тексеруден өткен кезде анықталды. Қазақстанның бас санитар дәрігері соңғы күндері инфекция жұқтырғандар санының не себепті көбейгенін түсіндірді. Айтуынша, науқастар санының артуы ең алдымен коронавирусқа тексеру жұмыстардың қарқынды жүргізілгенімен байланысты.

"Біріншіден, коронавирусқа қатысты профилактикалық мақсатта тексеру саны артты. Екіншіден, жабық ұжымдардағы вирус жұқтыру жағдайы көбейді. Ал үшіншіден, ауруханаға жүгінетіндер санының артуымен байланысты", - деді бас санитар дәрігер.

26 мамырда инфекция науқастардың 70%-і – профилактикалық тексеруден өткен кезде анықталған, 24%-і ауруханаға жүгінген, 6% - басқа елден келгендер арасынан анықталды.

"Кеше республикада 438 жағдай тіркелді, оның ішінде 88%-і – профилактикалық тексеруден өткен, 10%-і ауруханаға жүгінген және 8 жағдай басқа елден келгендер арасынан анықталды", - деді Есмағамбетова.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде