Шу қаласында селфи жасаймын деп ер адам ауруханаға түсті
Жәбірленуші жүк пойызының цистернасына шығып, суретке түспек болғанда жоғары кернеулі тоқ соққан.
19:33 26.05.2020
Жамбыл облысының Шу қаласында ер адам селфи жасау үшін вагон цистернасына шығып, қатты күйіп қалды. Жиырма жастағы жігіт электротермиялық күйікпен ауруханаға түсті. Жәбірленуші 24 мамыр күні сағат 20.30-да жүк пойызының цистернасына шығып, суретке түспек болғанда жоғары кернеулі тоқ соққан.
"Оқиға салдарынан жігіттің денесі мен аяқ-қолдары I-II-III дәрежелі 50 проценттік электротермиялық күйік алды", – делінген баспасөз хабарламасында.
Қазіргі кезде осы оқиғаға байланысты тергеу амалдары жүргізілуде. Көліктегі полиция департаментінің бастығы Оңал Бекиев жыл басынан бері теміржол желілеріндегі белгіленбеген жерден өткені үшін 9 569 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын мәлімдеді. Теміржол көлігінің қатысуымен 44 жарақат алу оқиғасы тіркелген болса, оның жартысынан көбінде қайғылы жағдайға ұласқан.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!