Коронавирус індетін жұқтырғандардың саны 9 мыңнан асты
COVID-19 індетін таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссия өткен тәулікте өсім 3,7 процент болғанын хабарлады.
09:45 27.05.2020
Қазақстанда өткен тәулікте 335 адам коронавирус індетін жұқтырғаны белгілі болды. COVID-19 індетін таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның хабарлауынша, өсім 3,7 процент болған. Өңірлер бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласы – 78 (4,6%),
Алматы қаласы – 77 (3,4%),
Қарағанды облысы – 43 (6,5%),
Шымкент қаласы – 38 (5,6%),
Атырау облысы – 21 (2,3%),
Батыс Қазақстан облысы – 20 (4,4%),
Жамбыл облысы – 15 (4,4%),
Шығыс Қазақстан облысы – 7 (10,6%),
Қызылорда облысы – 7 (2,4%),
Алматы облысы – 5 (1,7%),
Түркістан облысы – 5 (1,5%,
Ақтөбе облысы – 4 (1,4%),
Қостанай облысы – 4 (3,1%),
Маңғыстау облысы – 4 (2,3%),
Павлодар облысы – 4 (2,1%),
Солтүстік Қазақстан облысы – 3 (6,5%).
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 9 304. Індеттен 4 613 адам жазылып шығып, 37 адам қайтыс болды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!